ЕГЕР МЕН ЖАРНАНЫ ӨЗГЕ ЖСН-ГЕ ТӨЛЕСЕМ, ТӨЛЕМ КҮНДЕРІН ҚАТЕ ЖАЗСАМ НЕМЕСЕ ҚАТЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ КӨРСЕТСЕМ, АҚШАНЫ ҚАЙТАРЫП АЛА АЛАМЫН БА НЕМЕСЕ БАСҚА КЕЗЕҢДЕРГЕ ҚАЙТА БӨЛУГЕ БОЛА МА?

МӘМС төлемдерін басқа кезеңдерге қайта бөлуге болмайды, бірақ оларды қайтарып алуға мүмкіндік бар.

Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ- ға өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды қоса тіркеу қажет. Бұл банктің төлем тапсырмасы немесе анықтама болуы мүмкін.

Мемлекеттік корпорацияның мекенжайын eGov.kz сайтынан табуға болады.

Өтініштерді қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды.

Ақша төлем жасалған тәсіл бойынша кері қайтарылады.