МӘМС-КЕ АУДАРҒАН ЖАРНАЛАРЫМДЫ ҚАЙТАРА АЛАМЫН БА?

Иә, қайтара аласыз. Тек келесідей жағдайларда ғана. Егер жарнаны төлеу кезінде қате жіберіліп, сіздің жасаған төлеміңіз жүйеде көрінбесе жарна қайтарылады. Сондай-ақ егер сіз жеңілдікке ие азаматтар санатында болсаңыз, жарнаны қайтарып алуға болады. Өйткені, мұндай санаттағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді.

Басқа жағдайларда төлем қайтарылмауы мүмкін.

МӘМС-ке төленетін жарналар мен аударымдар түсетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мынадай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тарта алады:

  • Өтініште қаржыны қайтаруға қисынсыз себеп жазылған кезде;
  • Өтінішке қоса берілген құжаттар толық болмаған жағдайда;
  • Ақшаны қайтаруға негіз жоқ болса;

Төлемді қайтару уақытша тоқтатылған немесе жойылған жеке кәсіпкерлерге ресімделеді, ал ақпараттық жүйелерден әлгі жеке кәсіпкердің жұмыс істеп тұрғандығы туралы деректер келеді. Мұндай жағдайда жарна қайтарылмайды.

  • ҚР аумағына уақытша тұруға келген шетел азаматы (шетелдіктердің отбасы мүшелері) МӘМС үшін қателесіп төлем жасаса ақшаны қайтаруға өтініш қалдыра алады.