МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЛАЙ САҚТАНДЫРЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Егер мен МӘМС-ке ешқашан жарна төлемеген болсам, сақтандырылу мәртебесін қалай алуға болады? Оның үстіне еш жерде жұмыс істемеймін. Жұмыссыздар санатында да жоқпын. Жеке кәсіпкер де емеспін. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына да жатпаймын. Қайтпек керек?

1-ші нұсқа

Сақтандыру мәртебесін алу үшін МӘМС-ке өтіп кеткен 12 ай үшін немесе осы кезең ішінде жарналар аударылмаған белгілі бір айлар үшін төлем жасай аласыз.

Сақтандыру мәртебесі жарна төлегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі. Алдағы уақытта да өз мәртебеңізді сақтап қалу үшін дербес төлеуші ретінде ай сайын жарна төлеу қажет:

  • 2021 жылы – айына 2 125 теңге
  • 2022 жылы – айына 3 000 теңге.

 

2-ші нұсқа

Жарналарды алдағы 12 ай үшін алдын ала төлей аласыз.

Осылайша, жыл бойына сақтандыру мәртебесін алу мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда өтіп кеткен айлар үшін жарна төлеудің қажеті жоқ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың аталған балама тетігі қыркүйек айының басында күшіне енеді.

МӘМС-пен бірге болу үшін өзіңізге ыңғайлы жолды таңдаңыз!