ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ПАКЕТТЕРІ: АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

ТМККК – бастапқы және шұғыл медициналық көмек. Ол үшін өз қалтаңыздан төлем жасаудың қажеті жоқ. Себебі МӘМС жүйесіне қатысқаныңызға қарамастан, Сізге мемлекет кепілдік береді.

Бұл пакетке:

паллиативті көмек

туберкулез кезіндегі медициналық оңалту

Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді

созылмалы әрі әлеуметтік маңызы бар және Д-есепте тұрған аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Инфекциялық және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу

МӘМС – медициналық көмектің кеңейтілген пакетіне қол жеткізетін әлеуметтік медициналық сақтандыру. Пакетіндегі медициналық көмектің көлемі төлем жасаушының кірісіне немесе жүйеге төленетін жарналардың мөлшеріне байланысты емес.

МӘМС – бұл:

салалық мамандардың кеңестері

диагностикалық тексерулер

амбулаториялық деңгейде емдеу

күндізгі және тәулік бойғы стационарларда емделу

қымбат тұратын медициналық қызметтер

медициналық оңалту

 дәрі-дәрмекпен қамту және МӘМС

МӘМС көмегімен өз мүмкіндігіңізді кеңейтіңіз!