Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атырауский городской родильный дом" Управления здравоохранения Атырауской области

Права пациента и их семей

–         Право на получение качественного лечения: соблюдение протоколов диагностики и лечения. Предоставление профильных квалифицированных специалистов.

–         Право на информацию: о диагнозе, лечении, стоимости, альтернативах, последствиях, осложнениях, информированные согласия пациентов.

–         Право на конфиденциальность и приватность информации

–         Право на тактичное и уважительное отношение

–         Право на учет языковых, религиозныхи культурных ценностей

–         Право на физическую защиту и защиту имущества

–         Право на соответствующую оценку болевого синдрома

–         Право на выражение жалоб и разрешение конфликтов: ящики обращений, анкетирование, служба поддержки пациента и внутренного аудита.

 

НАУҚАСТЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІ

ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАСЫ»

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ

Науқасты қолдау қызметінің мақсаты мен міндеті – халыққа медициналық көмек көрсету барысында туындайтын мәселерді табу,шешу және көрсетілген көмектің сапасын арттыру.

Егерде Сіз :

–         көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаған жағдайда;

–         медициналық қызметкерлер жағынан өрескелдік байқасаңыз;

–         тегін медициналық көмектің кепілді көлем аясында көрсетілген қызмет үшін медициналық қызметкерлер тарапынан ақша сұрау фактісімен кездезсеңіз;

–          сондай – ақ медициналық жәрдемнің сапасы мен тәртібіне байланысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса Сіз міндетті түрде « Науқасты қолдау қызметіне » хабарласыңыз.

         Сіз, өтінішіңізді, арыз шағымыңызды немесе медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарыңызды, жазбаша түрде, өз байланыс деректеріңізді ( аты – жөніңіз, мекен – жайыңыз бен телефон нөмеріңізді) көрсетіп әкімшілік бөлімі , қабылдау бөлмі, « Шағымдар мен ұсыныстар» жәшіктеріне қалдыруыңызға, http://www.atyraugorroddom.kz/ сайтына, 46-74-89, 46-71-53 нөмерлеріне телефон шалып болмаса, орталықтандырылған CALL орталыққа 98-02-92телефон шалуға, Науқасты қолдау және ішкі қадағалау қызметі бөлмесіне ( 2- қабат) тікелей келіп қалдыруыңызға болады.

Сондай – ақ стационарлық пациенттер әр бөлімшеде орналасқан « шағымдар мен ұсыныстар кітабына » өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.  Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау бойынша Ұлттық бюроның біріңғай нөмірі 1424 Call хабарласа аласыз.

      Науқасты қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді жан-жақты, қажет болған жағдайда кешенді түрде « пациенттің » қатысуымен қарап, 5 күн ішінде Сізге жауап жібереді.

Медициналық көмектің сапасы мен тәртібін жақсартуға бағытталған Сіздің пікірлеріңіз бен тілектеріңіз Біз үшін өте маңызды және Сізге алғысымызды білдіреміз.

« Науқасты қолдау және ішкі бақылау қызметі » – перзентхананың 2 – қабатында орналасқан.

Сізге көмек көрсетеді:

Тойбазаров Азамат Сакенович – «Науқасты қолдау және ішкі қадағалу қызметі» басшысы

Барлық бөлімшелерде науқастардың қанағаттанушылығын бағалау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Сауалнамаға нақты, шынайы жауап берулеріңіз сұралады.   

Сауалнама

  1. 1.      Сіздің жасыңыз:

1)      18 жасқа дейін

2)      18-39 жас

3)      40-60 жас

4)      60 жастан жоғары

 

  1. 2.      Сіздің әлеуметтік статусыңыз (бірнеше жауап беруге болады):

1)      Жұмыс істеймін

2)      Жұмыссызбын

3)      Оқушымын

4)      Зейнеткермін

5)      Мүгедекпін

6)      Басқа

 

  1. 3.      Сіз осы стационарды еркін таңдау құқығы бойынша таңдадыңыз ба?

1)      Иә

2)      Жоқ

3)      Шұғыл түрде түстім

 

  1. 4.      Сіз стационарға түскен кезден бастап қабылдау бөлімшесінің дәрігері тексеріп-қарауды бастағанға дейін қанша уақыт күттіңіз?

1)      30 минутқа дейін

2)      1 сағатқа дейін

3)      1 сағаттан артық

4)      2 сағаттан артық

5)      Дәрігер тексеріп-қарауды түскен кезден бастады

 

  1. 5.      Сіз стационарға көрсетілген медициналық көмекке қанағаттандыңыз ба?

1)      Иә

2)      Толық емес

3)      Жоқ

 

  1. 6.      Стационарда емделуге жолдама алғаннан бастап емдеуге жатқызуға дейін қанша уақыт өтті (жоспарлы тәртіппен стационарлық емдеуге түскен пациенттер үшін)

1)      3 күнге дейін

2)      10 күнге дейін

3)      20 күнге дейін

4)      20 күннен астам

 

  1. 7.      Стационарда тағайындалған дәрілік заттарды өз есебіңізден алуға тура келген оқиғалар болды ма?

1)      Әрқашан десе болады

2)      Кейде

3)      Жоқ

 

  1. 8.      Стационарда қандай да бір диагностикалық зерттеулер үшін ақы төлеуге тура келген оқиғалар болды ма?

1)      Әрқашан десе болады

2)      Кейде

3)      Жоқ

 

  1. 9.      Стационарда қандай да бір емдік манипуляциялар (операциялар) үшін ақы төлеуге тура келген оқиғалар болды ма?

1)      Әрқашан десе болады

2)      Кейде

3)      Жоқ

 

  1. 10.  Сізді емдеуші дәрігеріңіздің біліктілік (кәсіби) деңгейі қанағаттандыра ма?

1)      Иә

2)      Толық емес

3)      Жоқ

 

  1. 11.  Сізді емдеуші акушер, медбикелердің біліктілік (кәсіби) деңгейі қанағаттандыра ма?

1)       Иә

2)      Толық емес

3)      Жоқ

 

  1. 12.  Стационар жұмысын ұйымдастыру және медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру бойынша Өзіңіздің ескертулеріңізді, тілектеріңізді, ұсыныстарыңызды көрсетіңіз:
Прокрутить вверх